Орталық брифинг

Халықтық штаб: Атом энергетикасының қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтерілген

Ақтауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі облыстық халықтық штабтың кезекті кездесуі «Oil Construction Company» мекемесінде жалғасты. Штаб мүшелері мұнайшылармен Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылап, атом электр станциясының ұтымды тұсын түсіндірді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Мұнайшылар АЭС қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсері, Чернобыль және Фукусима сияқты апаттардың қайталану қауіпі, құрылыс компаниясы туралы сауалдар қойды.

Штаб мүшелерінің айтуынша, АЭС қоршаған ортаға зиянды газдар бөлмейді, күл, мұнай өнімдері бар ағынды сулар сияқты қосындылармен ластамайды. Ғалымдар ірі жылу электр станциясы
аймағындағы жеке сәулелену дозалары атом электр станциясының
жанындағы ұқсас дозадан 5-10 есе артық екенін эксперименталды түрде
анықтаған. Сондықтан ядролық энергия «жасыл» деп танылған.

— 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясында және 2011 жылы Фукусима-1 атом электр станциясында болған апаттардан алынған сабақ және басқа да оқиғалар жаңа реакторларды жобалау кезінде ескеріледі. Осы апаттардың әсерінен атом энергетикасының қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтерілді. III+ буын реакторларының конструкциясына қосымша қауіпсіздікк мүмкіндіктері қосылды. Мамандардың мәліметінше, III+ буынының көптеген ядролық реакторларда балқыма тұзағы қарастырылған. Егер жанармай қаптамасы (ТВЭЛ)2 мен реактор қалыбы және онымен байланысты құбырлар еріп кетсе, корий3 балқытылған материалды ұстайтын және оны салқындату мүмкіндігі бар өзек ұстағышқа түседі. Бұл өз кезегінде соңғы кедергіні – герметикалық қабықты қорғайды, — дейді штаб мүшесі Анар Шамшадинова.

Related Articles

Back to top button