Орталық брифинг

Тамара Асар: Тұрмысы жайлы халық қана ән тыңдайды

Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы АЭС құрылысы жайлы өз пікірін білдіріп, ел ертеңі үшін елеулі жоба жөнінде жылы лебізін білдірді.

-Әуезді ән бейбіт кезеңде ғана әуелейді. Тұрмысы жайлы халық қана ән тыңдайды. Сондықтан әніміздің халық игілігіне жарап жатса, шын жүректен қуанамын. Қашан да мен өзімнің еліммен біргемін. Соның ішінде, Мемлекет басшысының кез-келген ел ағаларымен кеңесе келе қолға алған бастамасына халық арасынан қолдау көрсетемін. Мен де елім, жерім деп тұратын қызбын. Халық үшін ән саламын, кітапты да, ғылымды да зерттеген жанмын. Жаңа Ринат бауырым да айтып жатыр елім үшін жүрген үнім деп. Шындығына келгенде еліме деген әнім жақсылап шырқалсын, жарығымыз мықты болсын деген мен де сондай тілектемін. Жарық болмаса концерт жоқ, жарық болмаса көңіл-күйіміз көтеріңкі болмайды. Сондықтан, мамандар, арнайы ғалымдар, ел үшін қызмет еткен ағалар осыған өз үлестерін қашан да қосады. Біз соған қосыламыз, — дейді Тамара Асар.

Related Articles

Back to top button