Орталық брифинг

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Бірыңғай дистрибьюторы «СҚ-Фармация» ЖШС-і өз командасына логистиканың кәсіби басшысын (логистика басқармасының бастығын) іздейді

Біздің басты міндетіміз – сақтау мен тасымалдаудың қатаң стандарттарын сақтай отырып, республика бойынша дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен техниканы уақтылы және сапалы жеткізуді қамтамасыз ету. Біз ең жоғары талаптарға жауап беретін тиімді және тұрақты логистикалық процестерді құра алатын маман іздейміз.

Біз бұл позицияда кімді көреміз?

Дәрі-дәрмектерді тасымалдауда терең білімі мен тәжірибесі бар логист;
Стратегиялық ойлау және іске жауапкершілікпен қарайтын көшбасшы;
Процестердің тиімділігін арттыру үшін инновациялық шешімдер мен цифрлық технологияларды логистикалық жүйеге біріктіре алатын бастамашыл маман.

Бұл үшін не қажет?

Медициналық логистиканың ерекшеліктерін ескере отырып, «суық тізбекті» және температуралық режимдерді сақтау сияқты бүкіл жеткізу тізбегін ұйымдастыру және бақылау. Сіздің шешімдеріңіз бүкіл ел халқыныңденсаулығына әсер етеді.

Егер сіз отандық медицинаны одан әрі жетілдіретін команданың бір мүшесі болуға дайын болсаңыз, біз Сіздің өтінішіңізді күтеміз!

Сілтеме арқылы толыққанды ақпарат алып, өтінішіңізді бере аласыз:

https://sk-pharmacy.kz/rus/about/kadrovaya_politika/vacation_1/obyavlenie-o-konkurse-%E2%84%96177-na-zanyatie-vakantnyix-dolzhnostej-v-too-%C2%ABsk-farmacziya%C2%BB

«СҚ-Фармация» Баспасөз қызметі

Тел: +7 (7172) 789968, +7 (7172) 90-61-82

Related Articles

Back to top button