Орталық брифинг

Драматург Альтаир Абдрахманов: АЭС- тұрақты және сенімді энергия көзі

 

Альтаир Абдрахманов «Aktau Mobilography Fest» фестиваліне Алматы қаласынан спикер ретінде арнайы шақырылған. Маңғыстаулық жастар кәсіби маманнан 1 күн бойы дәріс тыңдап, тәжірибе жинады. Жас маман АЭС тұрақты түрде жұмыс істей алады, себебі оның энергия өндіруі табиғи факторларға тәуелсіз екенін айтады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Спикер бұдан алдын АЭС туралы оқып, зерттеу жасағанын жеткізді. Оның зерттеуінше күн немесе жел энергиясы ауа-райына тәуелді болса, атом станциялары тұрақты электр энергиясын үздіксіз қамтамасыз етеді.

— Атом энергиясы өте қуатты және тиімді. Бір ғана АЭС үлкен қалаларды немесе өнеркәсіптік аудандарды ұзақ уақыт бойы электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Атом реакторларында энергия көп мөлшерде және тиімді өндіріледі. Атом энергетикасының дамуы жаңа технологиялар мен қауіпсіздік жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік береді,-дейді Альтаир Абдрахманов.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button