Орталық брифинг

Сенатор Сүйіндік Алдашев: АЭС— уақытпен қатар адымдаған заман талабы

 

Маңғыстау өңіріне арнайы іссапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары АЭС құрылысына қатысты деректермен бөлісіп, мұнай-газ өнеркәсібінің қызметкерлерін жалпыхалықтық референдумға белсенді атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Қоғамдық Коммуникация орталығы

— Бізді толғандыратын басты сауал электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті және тұрақты энергияны қайдан аламыз? Біз қуат көзін төрт нәрседен аламыз. Бірінші, бұл — көмір. Көмірдің қоршаған ортаға залалы басы. Әрі энергияны көгілдір отынды жағу арқылы аламыз. Сондай-ақ жаңартылған энергия көздерін дамытып жатырмыз. Алайда жыл өткен сайын қуат тапшылығы артып барады. Атап өтейік, АЭС салу бірнеше жылдан бері мемлекеттік деңгейде сараланып, қоғам талқысының бірнеше кезеңінен өтті. АЭС артықшылықтары түсіндірілді. Қазақстан жаһандық үдерістен тыс қалмауы тиіс. Қазақта мақал бар “Шегірткеден қорыққан, егін екпес”.Мұндай маңызды мәселеде жауапкершілік танытуға тиіспіз»,-деді Сүйіндік Алдашев

Related Articles

Back to top button