Маңғыстаулық мобилограф Дархан Қуанәлі: атом электр станциясы – үлкен энергия көзі
Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуда АЭС-тің ықпалы зор. «Aktau Mobilography Fest» 2023 жеңімпазы Дархан Қуанәлінің айтуынша елімізге тұрақты, экологиялық таза энергия көзі қажет. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
Видеограф маманның айтуынша, жастар әрдайым болашақты ойлауы тиіс. Ал болашақ робототехниканың, компьютердің яғни энергияның заманы болғалы тұр.
— Менің ойымша АЭС-тің тиімді жақтары көбірек. Әрине орта буын өкілдерінің АЭС құрылысына және қауіпсіздігіне алаңдаулы екенін түсінемін. Десе де заман талабына сай өмір сүруіміз қажет қой. Ата-әжелеріміз ұялы телефонның пайдасын түсінбеді. Ал біз ұялы телефонның арқасында табыс табамыз. Жаңа дүние әрдайым үрей тудырады. Бірақ дамыған елдердерден артта қалмай, алға қарай ұмтылуға тиіспіз,-дейді Дархан Қуанәлі.