Орталық брифинг

Елімізде жасөспірімдер «Атлетико Мадрид» клубының футбол академиясында жаттығады

«Атлетико Мадрид Қазақстан» Академиясының ашылуы 2025 жылға жоспарланып отыр

 

Талғар қаласындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында салынатын база Орталық Азиядағы осындай алғашқы академия болмақ, деп хабарлайды turkistan.todayпорталы Испанияның EFE ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту, халықтың денсаулығын жақсарту мен балалар-жасөспірімдер футболының маңыздылығын ерекше атап өткен еді.

Осыған орай 2023 жылы Doscar Group компаниясы Қазақстанның Испаниядағы Елшілігімен бірлесіп, испаниялық «Атлетико Мадрид» футбол клубымен келіссөз бастаған болатын. Бір жылдан астам уақытқа созылған келіссөз 10 жылдық келісімшартқа қол қоюмен аяқталды.

Осылайша 2024 жылы Қазақстанда «Атлетико Мадрид» балалар-жасөспірімдер академиясын құру туралы тарихи келісімге қол жеткізілді. Бұл ТМД мен Орталық Азиядағы испаниялық клубтың алғашқы ресми академиясы болмақ.

«Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо 2024 жылдың маусым айында Қазақстанға келіп, жобаны талқылау үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен де кездескен еді. Соның нәтижесінде келісімшартқа қол қойылып, академия «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығының аумағында орналасатын болды. Академия болашақ футбол жұлдыздарын дайындаудың ерекше орталығы болуға уәде береді.

«Атлетико Мадрид Қазақстан» Академиясы өз алдына айқын міндет қойып отыр. Нақты айтқанда — әлемдік футбол қауымдастығы мойындаған әдістемелер негізінде жоғары сапалы футбол білімін ұсыну. Испаниядан келген кәсіби жаттықтырушылар әр оқушымен жеке жұмыс істеп, олардың техникалық және тактикалық дағдыларын дамытады.

Академияның негізгі жаттықтырушылар құрамы Испаниядан келген сертификаттары бар мамандар болмақ. Қазақстан мен Орталық Азияның барлық өңірлерінен балаларды іріктеп, кейін Еуропаның футбол алаңдарында өзін көрсетуге мүмкіндік алатын неғұрлым талантты балаларды испаниялық жаттықтырушылар мен мамандардың өздері тікелей жүргізеді.

Қазақстанның барлық өңірінен келген балалар осы академияда оқып, жаттыға алады. Білім алушылардың бір бөлігі тегін оқуға грант та алады. Ал үздік тәрбиеленушілер Испаниядағы «Атлетико Мадрид» клубының базасында оқуы мен жаттығуын жалғастыруға бірегей мүмкіндік алады.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button