Орталық брифинг

Ақтауда Халықтық штаб теңіз-кеме қатынасы саласының қызметкерлерімен кездесті

 

Ақтауда Халықтық штаб өкілдері «Қазақтеңізкөлікфлоты» мекемесінің қызметкерлеріне АЭС құрылысының ел экономикасын дамытудағы маңызын түсіндірді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Кездесуде халықтық штабтың мүшесі, эколог Орынбасар Әбдіұлы энергия тапшылығын жою үшін сенімді және экологиялық таза қуат көзі қажет екендігін айтты.

— Қазақстанда көмір қоры жеткілікті. Дегенмен көмір жағудан бөлінетін заттар, әсіресе көмір қышқыл газы ауаны қатты ластайды. Су электр станцияларын салу ең дұрыс әрекет болар еді. Алайда Қазақстанда мол сулы өзендер өте аз. Әлемде, оның ішінде Қазақстанда да баламалы жел, күн энергиясын пайдалану үрдісі дамып келеді. Жаңадан сутегі энергиясын пайдалану технологиясы игеріле бастады. Оларды қолдау, жан-жақты дамыту қажет. Табиғи газға келер болсақ, бүгінгі таңда энергия көздерін қанағаттандыруда маңызды рөл атқаратын табиғи газ қоры шектеулі. Ал атом — үздіксіз энергия көзі. Ол ел ертеңі үшін маңызды шешім. Қауіпсіз, таза энергия әлем елдерінде аса танымал,-дейді Орынбасар Әбдіұлы.

Іс-шара соңында мекеме қызметкерлері спикермен өзара пікір алмасты.

Related Articles

Back to top button