Орталық брифинг

Маңғыстаулық мұражай қызметкерлері АЭС құрылысының маңызын талқылады

Бүгін Халықтық штаб мүшелері Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайына арнайы барып, мұражай қызметкерлерімен кездесу өткізді.

— Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан және 2 пайызы күн, жел мен судан өндіріледі. Бүгінгі таңда еліміз электр қуатының жетіспеушілігін сезінуде. Ол сіз бен бізге білінбеуі мүмкін. Себебі үйіңізде, жұмыс орныңызда электр энергиясы үздіксіз келіп тұр. Ал, үлкен кәсіпорындарда бұл айтарлықтай білінеді. Біздің елге келген көптеген инвесторлар да дәл осы энергия тапшылығы салдарынан өндіріс орындарын құруға, іс жүргізуге қол байлау болып тұр. Сондықтан да ең залалсыз энергия көзінің бірі АЭС салу екенін ғалымдар дәлелдеп, нақты фактілермен көрсетуде, — деді өз сөзінде ауданның құрметті азаматы, ардагер Қуантқан Исаев.

Сонымен қатар, Халықтық штаб мүшелері мұражай қызметкерлерін 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды.

Related Articles

Back to top button