Орталық брифинг

Жаңаөзен халықтық штаб өкілдері экологтармен кездесті

 

Жаңаөзен халықтық штаб мүшелері Өзенмұнайгаз АҚ қарасты «Химияландыру және экология басқармасы» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Штаб мүшелері экологтарға алдағы 06 қазан күні өтетін референдумға қатысуға және өз таңдауларын жасауға шақырды.

Штаб өкілдері атом электр станциялары (АЭС) Қазақстанда салынған жағдайда экологияға қатысты бірқатар артықшылықтарға ие болатынын айтты.

— Төмен көмірқышқыл газының қалдықтары АЭС парниктік газдардың қалдықтарын айтарлықтай азайтады. Өйткені олар отын ретінде көмірді немесе газды пайдаланбайды. АЭС тұрақты және үздіксіз электр энергиясын өндіреді. Жаңартылатын энергия көздеріне қарағанда (күн, жел) ауа райына тәуелсіз. Бірнеше грамм ураннан көп мөлшерде энергия алу мүмкіндігі, бұл энергияны көп мөлшерде өндіруде тиімді,-деді штаб мүшелері.

Іс-шара соңында экологтар референдумға қатысуды бір ауыздан қолдады.

Related Articles

Back to top button