Сенат депутаттары Форт-Шевченко мектеп-лицейі ұжымына АЭС жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді
ҚР Парламенті Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров пен Сүйіндік Алдашев бірнеше күннен бері маңғыстаулық мекеменің қызметкерлерімен кездесіп, АЭС құрылысы жайлы түсіндіріп келеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Олар бүгін Форт-Шевченко мектеп-лицейі ұжымына атом электр станциясының технологиясы мен артықшылықтарын айтып берді. Депутаттармен бірге «МАЭК» ЖШС БН-350 РҚ радиациялық қауіпсіздік инженері Азамат Куликбаев қатысушылар сауалдарына жауап айтты.
-Мекеме қызметкерлерінің қоятын басты сұрақтары атом электр станциясының қауіпсіздігі, қай аумақта орналасатындығы мен экологиялық мәселе жайлы болды. Ол сауалдарға маман егжей-тегжейлі жауап берді. Қауіптілік жоқ екендігін халыққа жеткіздік. Технологиясымен таныстырдық. Халық АЭС-ті жақсы қабылдап жатыр. Бұрын түсінбесек, енді ұғынып жатырмыз дейді қызметкерлер, — деді Бекбол Орынбасаров.