Орталық брифинг

Орынбасаров Әділет АЭС бойынша пікірін білдірді

Біздің қоғам жеңіл әңгімеге құмар. Талдау, сараптау деген жоқ. Бізге Баян Есентаеваның неше бала дүниеге әкелгені, оны қалай әкелгені, Тұрсынбектің яки Қайраттың ішкен-жегені, бір боксшының бір атақты сазгердің қызымен қарым-қатынасы қызығырақ. Соны талқылауға келгенде алақанды ысып жіберіп гу-гу әңгіме соғамыз. Сараптау керек пе, сараптаймыз. Кінәліні анықтап, оны айлап танымалдық төрінен түсірмейміз.
Осы уақытта бір қазақтың баласы әскерге сап-сау кетіп, мүгедек болып оралуда. Осы уақытта 11 бала әкесіз қап жатыр. Біздің қоғамда әлемдік мәселелер бар. Ол бірақ талқыланбайды. Біздің қоғамда адам өлім мен өмір арасында арпалысып жатыр. Біз оны ысырып қоямыз. Бізге төсек пен өсек қымбат.
Неге солай? Қазақстан үшін маңызды ақпарат салсаң, ол ешкімге керек емес. Ал біреуді жамандап, сыпсың таратсаң лайк пен пікір лезде көбейеді.
Осы кезге дейін Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін біраз көтердім. «Саған не жоқ» деп басып тастады. Неге осындай ел үшін маңызды дүниеге үн қосуға келгенде шорқақпыз. Мен осы елдің азаматы болғасын Қазақстанда боп жатқан яки болайын деп жатқан әр жайтқа байыппен қараймын. Мамандар пікірін іздеймін. Құрғақ сөзден бұрын, тұшымды сараптауларға мән беремін. Қазір салып отырған қос видео менің кей сұрақтарыма жауап берді. АЭС-ті Балқашта салу қаншалықты тиімді және осы электр станциялары туралы шет елдің мамандары не дейді десеңіздер көріп шығыңыздар.
Бұл Баян ханымның жанұясына қызықпайтын бірді-екілі оқырманға пайдалы болар.

Хайпты қайтеміз, байыпты ойлай білейікші. Артымызда бізге қарап ұрпақ өсіп келеді.

Орынбасаров Әділет — сарапшы

Related Articles

Back to top button