Орталық брифинг
“Жасыл аймақ” Отырарда саябақтарда сенбілік өтіп жатыр
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Отырар ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде,- деп хабарлайды Brifing.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Аталған шараларға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Бүгінде Отырар ауыл округіне қарасты Мөлке Шойман ауылындағы саябақтың айналасын қоқыстан тазарту, жолдың жиектеріндегі қоршауларды сырлау, төңіректі арамшөптерден тазарту, ағаштарды ақтау, топырақ түбін қопсыту жұмыстары атқарылды.
Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтары мамыр айының соңына дейін жалғасын табатын болады.