Жаңалықтар

Головкин жаңа қызметіне қатысты алғаш рет пікір білдірді

Ұлттық олимпиада комитеті басшысы болып сайланған боксшы Геннадий Головкин құттықтаған жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды brifing.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қадірлі достар, бүгін құттықтауын жолдаған барша спортсүйер қауымға алғысым шексіз!

Халықаралық олимпиадалық қоғамдастықта еліміздің атынан қызмет ету мен үшін үлкен абырой әрі жауапкершілік.
Алдымызда үлкен міндеттер тұрғанына қарамастан, ел спортына пайдам тиеріне шын сенемін!

Ең бастысы – біздің жұмыс істеуге деген үлкен ниетіміз бен сіздердің шексіз қолдауларыңыз бар! Рахмет! – деп жазды боксшы.

Айта кетейік, 26 ақпанда ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясының отырысы өтіп, ҰОК басшысы болып Геннадий Головкин таңдалды. Ол бұл қызметте Тимур Құлыбаевтың орнын басты.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button