Түркістанда балалар мерекесіне орай іс шара өтті
Түркістан қаласы әкімінің қолдауымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шағым – бал шағым» мерекелік іс-шарасы өтті. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков балаларды мерекемен арнайы құттықтап, оларға балғын балалық шақ тіледі. Оқушылар сарайының директоры Индира Икапова да ізгі тілегін арнады.
Қаланың кішкентай тұрғындарының басын қосқан бұл мекереге келген әр балаға алдымен аквагрим жасалып, мерекелік атмосфера орнады.
Шара аясында ерекше балалардың қолөнерінен жәрмеңке өтіп, содан соң цирк өнерін тамашалады. Әрі қарай Оқушылар сарайының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Балалар мерекені сезіну үшін барынша түрлі қызық ойындар, көңілді би және асфальтқа сурет салу да қамтылды. Кеш соңында балалар ашық аспан астында «Өрмекші адам» фильмін тамашалап, демеушілер сыйлаған балмұздақтан дәм татты.