Орталық брифинг

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 500-ден астам жұмыскердің құқығын қорғады

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 25 кәсіпорында 1,1 мың жұмыскерге 164,7 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп brifing.kz хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 11 нұсқама беріліп, 1,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 500-ден астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 130 млн теңге төленді.

Related Articles

Back to top button