Жаңалықтар

Алматыда «медреседе» оқыған бала оңбай таяқ жеген

Адматыдағы пансионаттардың бірінде жасөспірімді соққыға жыққан, деп Brifing.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

«Заңсыз діни жоралғы өткізілді» деген күдікке ілінген Алматыдағы пансионаттардың бірінде тағы шу шықты. Бұл жолы мекеме қызметкері сонда тұратын 15 жастағы жасөспірімге қол көтеріп, соққыға жыққан. Салдарынан баланың миына зақым келіп, ол ауруханада жатыр.

Ғимараттан қашып шығып, қар үстінде жалаң аяқ бас сауғалаған жасөспірімді біраз адам көрген.

Баланың айтуыншы, медреседе ұстаз ұрған. Миы шайқалған, көз айналасы қанталаған деген диогноз қойылды, – деді Балалар шұғыл жәрдем орталығы науқастарды қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы Кұрметбек Тоқтар.

Ауруханада жатқан бала оқиғаның мән-жайын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Оның оқиғаға дейін де мазасы болмаған. Бірақ мекеме қызметкерлері пысқырмапты. «Оқымау үшін ойлап тапқан сылтауың» деп жеткіншектің сөзіне сенбей, кикілжің шығарған. Биік қоршау, үлкен ғимарат ішінен шыққан осы шудан кейін полицейлер мән-жайды анықтауға кірісті.

Related Articles

Back to top button