Орталық брифинг

Коммуналдық қалдықтарды кәдеге жаратуға бағытталған жаңа жобалар

Саланы дамытуды сапалы жоспарлау мақсатында әкімдіктер экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес арнайы бағдарлама әзірлемек. Құжатта аумақтық проблемалар мен ерекшеліктері ескеріледі. Бұл бағдарлама жүйелі негізде инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баяндама жасаған ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев осы бастамаға ерекше назар аударды, деп хабарлайды Brifing.kz.

Қазір саланың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ел нарығының жұмысын ретке келтіру және жүйелеу мақсатында, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің тетігі жұмыс істейді. 2020 жылы бұл міндеттемелер операторының заңды мәртебесінің өзгеруін ескере отырып, Экология министрлігі осы оператордың жұмысын ұйымдастыру және кейбір шараларды қайта іске қосу бойынша заңнамалық жұмыс жүргізді.

«Мәселен, өткен жылдың шілде айында қалдықтарды басқарумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындарға кәдеге жарату төлемдері есебінен қалдықтарды басқару саласында төлемдерді қалпына келтіру үшін Экология кодексіне Экоколдау бойынша түзетулері енгізілді. Атап айтқанда, осы түзетулер шеңберінде біздің ведомствоға төлем қағидаларын бекіту және Үкіметке тиісті төлем мөлшерлемелерін қабылдау құзыреті берілді. 2023 жылы 27 қарашада ережелер және 29 желтоқсанда төлем мөлшерлемелері бекітілді», – деді спикер.

Айта кету керек, төлем ережелері бүгіннен бастап күшіне енеді және ӨКМ операторы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде тіркеуге өтінімдерді  әрекет етуші кәсіпкерлер де, қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу бағытында өз бизнесін бастағысы келетіндер де бере алады. Осы жылы субсидиялауға 7,6 млрд теңге салынды. Бұдан бөлек, өңірлерді материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту мақсатында бүгінгі күні кәдеге жарату төлемінің қаражаты есебінен қоқыс таситын көліктерді, сұрыптау желілерін және қайта өңдеу қуаттарын сатып алу жеңілдіктерін қаржыландыру тетігі әзірленді.

Жобаларға бөлінетін жалпы қаржы сомасының  мөлшері 3 жылға шамамен 200 млрд тенгені құрайды. Бүгінгі таңда әкімдіктермен бірлесіп жобалардың алдын ала пулы қалыптастырылуда. Іріктеу кезінде өңірлердің қажеттіліктері мен жобалардың коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларына және Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкестігі ескерілетін болады.

Related Articles

Back to top button