Жаңалықтар

Келіншек 5 баласын тастап, басқа еркекке тұрмысқа шыққан

24 жастағы келіншек бес баласы мен күйеуін тастап, басқа адаммен бас қосқан, деп Brifing.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.

Бағдарламаға әйелі жұмыс іздеп кетіп, қайта үйіне орамалғанын айтып ер адам келді. Оған біршама уақыт өткен соң, басқа кісі хабарласып, келіншегімен көңіл қосқанын айтқан.

Ондайды күтпедім. «Ішпесем, шекпесем, әйелімді ұрмасам менен кетпейді ғой» деп ойладым. Әйеліме хабарласқанымда «Қош бол, болды» дегеннен басқаны айтпады, — дейді бес баланың әкесі.

Әйел екі ай таныстықтан соң, сол үйге тіпті келін боп түсіп, бірге тұрып жатқан.

Белгілі болғандай, ол 15 жасында бас қосқан бұрынғы күйеуімен заңды некеде тұрмаған.

Related Articles

Back to top button