Алматы қаласындағы алма бақтарға қатысты ақпарат
Алматы қаласындағы алма бақтарға қатысты ақпарат
Осы мәселе бойынша төмендегіні білдіреміз.
2004 жылы «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШСҚарасай ауданы аумағынан (кейін Алматы шегіне енген) тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін көлемі 884,9 га жер учаскесіне меншік құқығын алған. Бұл құқық ауданәкімінің шешімімен (2004 ж. маусым) және үлгілік сатыпалу-сату шартымен (2004 ж. шілде) берілген.
Алматы қаласының жер қатынастары басқармасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі бөлу туралы қорытындысы мен 2015 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығы негізінде аталғанжер учаскесі 16 учаскеге бөлініп, жаңа кадастрлықнөмірлері берілген.
Бұл жер учаскесі арқылы Керенқұлақ өзені мен Берқараөзені ағып жатқанын атап өту маңызды. ҚР Жер кодексінің(2004 жылы қолданыста болған) 132 және 133-баптарына сәйкес су қорының жерлері мемлекеттік меншік болыптабылады және тиісті органдардың келісімдерімен уақытшапайдалануға ғана берілуі мүмкін.
Осыған сәйкес, Қарасай ауданының жергілікті атқарушыорганымен аталған жер учаскесін беру кезінде кезде су айдындары алып жатқан жерлерді беруге тыйым салу бөлігінде жер заңнамасының нормалары ескерілмеген деппайымдаймыз.
Қазіргі уақытта, Алматы қаласының прокуратурасымен«Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС-і мен «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» ММ-не мәміленіжарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралықэкономикалық сотымен талап арыз өндіріске қабылданды(2024 жылғы 10 қазандағы ұйғарым).
Мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымдытұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасынсақтауын қамтамасыз ету жер заңнамасының міндеттерініңбірі болып табылатындықтан, Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерінің барлық нормаларынсақтау қажет деп санаймыз.
Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті мәмімдемесі.