ҚҰРЫЛЫС ҚАЛДЫҒЫ – АРНАЙЫ ОРЫНҒА!
Бүгінгі күні Алматыда тұрғындардың контейнерлік алаңдарға іргелес жатқан аумақтарда — тұрмыстық техника, сантехникалық бұйымдар және т.б. істен шыққан ескі жиһаздарды ірі көлемді қоқыс жинау мәселесі бар. Бұдан басқа, қоқыс контейнерлерінің жанында жөндеу жұмыстарынан кейін кафель, кірпіш және т.б. сияқты құрылыс қалдықтарын да табуға болады.
Қоқыс шығаратын машиналар ірі көлемді қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын шығара алмайды, өйткені бұл қоқыс тасығыштардың сығымдағыш аппаратын істен шығаруы мүмкін.
Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес жылжымайтын объектілерді салуды және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды (жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы бөлінген орындарға өз бетінше шығаруды жүргізу қажет.
Осылайша, үйде жөндеу жұмыстарын жүргізетін тұрғындар, сондай-ақ ірі көлемді қоқыс пайда болған кезде, мамандандырылған ұйымдарға жүгініп, техниканы жеке ақыға шақыру немесе қалдықтарды полигонға өз бетінше шығару қажет. Полигондар Алматы облысында, Іле ауданында және Қарасай ауданында Әйтей ауыллдық округінде орналасқан.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабында абаттандыру ережелерін бұзу жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғатынын ескеру қажет.
Сөз соңында қоқыс төгудің де өзіне тән мәдениеті мен әдебі болатынын және оны сақтауға жұмыстану қажеттігін қаперге бергіміз келеді. Өйтпеген жағдайда, ару қала Алматымызды қоқыстан құтқара алмаймыз. Біз тілдескен мамандар да осындай ойға келіп отыр. Ендеше, туған жерімізді таза ұстауға тырысайық!