Жаңалықтар

SHAKARIM UNIVERSITY: ҮЗДІКТЕР ӨҢІРГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Семей қаласындағы Шәкәрім университеті дарынды жастарға белсенді қолдау көрсетіп, Абай өңірінің дамуына зор үлес қосуды жалғастыруда.


Облыстың зияткерлік элитасын қалыптастыру және туған жерге қызмет ету идеясын тарату миссиясы аясында университет 222 «Алтын белгі» иегеріне білім алуға мүмкіндік беретін грант сертификаттарын табыстады.
Соңғы қоңырау күні болған бұл маңызды оқиға оқушылар мен олардың ата-аналары үшін нағыз мерекеге айналды. “Шәкәрім білім гранты” иегерлері қуаныштарын жасырмай, таланттар пулын қолдаудағы университеттің маңызды шарасына алғыстарын білдірді. Өңірдің үздік түлектеріне берілген білім гранты олардың еңбекқорлығы мен жетістіктерінің жемісі әрі алдағы өсуі мен дамуына ынталандырудың маңызды күші болып табылады.

Білім гранттары жастарға үлкен мүмкіндіктер береді. Университет әрбір талантты жастың өңірде қалып, өзінің әлеуетін барынша арттырып, өз аймағы мен елінің дамуына үлес қоса алатын тұлғаны қалыптастыруға баса назар аударады.

Айта кететіндігі, оқу орнының делегат өкілдері Абай облысының Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Абай, Жарма, Көкпекті, Үржар мен Семей және Курчатов қалаларының “Алтын белгі” иегерлеріне сертификат табыстап қайтты.«Алтын белгi», welcome to Shakarim University!

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button