Жаңалықтар

Елордадан полигондарға 4,4 млн текше метр қар шығарылды

2024 жылғы 28 наурызда «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы депутаттық фракциясының жиналысы өтті,- деп хабарлайды Brifing.kz.

Жиналыста су тасқынына дайындық деңгейі, Салық, Кәсіпкерлік, Құрылыс кодекстеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу мәселесі сөз етілді.

Астана қаласының аумағында су тасқыны болуы мүмкін 20 аумақ бар. Олар – Алматы ауданындағы 5 аумақ, Байқоңыр ауданындағы 4 аумақ, Нұра ауданындағы 6 аумақ, Сарыарқа ауданындағы 3 аумақ, Есіл ауданындағы 2 аумақ.

Елорда тұрғындары мен оған жақын орналасқан елді мекендерді сумен қамтамасыз ететін Астана су қоймасының сыйымдылығы – 410,90 млн текше метр екенін ескерсек, елорда мен оған жақын орналасқан елді мекендерге су тасқыны қаупі төніп тұрған жоқ.

Бұған дейін AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суларынан қорғау» бөгетінің жай-күйімен танысқан еді. «Қазгидромет» наурыз бен сәуір айларында да жауын-шашын мол жауатынын болжаған. Десе де, «Нұра-Есіл» каналы мен «Майбалық» көлі арасында орналасқан канал қардан тазартылып, су қоймасы мен Астанадағы жалғыз бөгет су тасқыны маусымына дайын тұр», – дейді аталмыш бөгет басшысы Әлібек Жайлауов.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қыс басынан бері Астана қаласының коммуналдық қызметтері Елордадан полигондарға 4,4 млн текше метр қар шығарылғанын мәлімдеді.

Су тасқыны жағдайының қауіп-қатерін азайту және су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мәселелері партияның жіті бақылауында.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде жеке құрамның 500-ден астам адамы, 150-ден астам техникасы, 3 жүзу құралы, 65 мотопомпасы, 3 ҰҰА (пилотсыз ұшу аппараты) жұмылдырылған азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы топтамасын қалыптастырған.

Related Articles

Back to top button