Жаңалықтар

«ЖАСЫЛ АУЛА» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы «Алматы – біздің ортақ үйіміз!» кампаниясы аясында «Жасыл аула» науқанының басталғандығын мәлімдеді.

30 наурыздан бастап қала тұрғындарынан көпқабатты үйлердің ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін жапырақты көшеттерді алуға өтінімдер қабылданады. Көшеттер тегін беріледі. Науқан аясында бір адамға 20-ға дейін көшет бөлінеді. Бұл ретте өтініш беруші отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоюы тиіс.

Өтінімдерді қабылдау 15 сәуірге дейін жалғасады. Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтініштер қабылданбайды.

Related Articles

Back to top button