Елтаңбаны өзгертуге қанша қаражат жұмсалады? Қаржы министрі жауап берді
Үкімет отырысынан кейін баспасөз брифингінде журналистер қаржы министрі Мәди Тәкиевтен Елтаңбаны өзгертуге қанша қаржы жұмсалатынын сұрады, деп хабарлайды brifing.kz порталы El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Елтаңбаны өзгерту мәселесі көптен бері талқыланып келе жатқанын, мұны қайтадан қарау керегін айтқан болатын.
Бүгін БАҚ өкілдері бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиевтен: «Елтаңба өзгертіле ме, өзгертілсе, қанша қаржы жұмсалады?» деп сұрады.
Мемлекет басшысы «қоғам бұл мәселеге жалпы қолдау білдірсе, оны болашақта бағалау керек» деді. Бұл мәселе оң шешімін тапқан жағдайда, оны мұқият қарастыратын арнайы комиссия құрылады. Алдымен мәселені шешіп алайық. Одан кейін қанша қаржы жұмсалатынын айта жатармыз, – деді қаржы министрі Мәди Тәкиев.
Тәкиев Елтаңбаны өзгертуге әзірге қанша қаражат кететінін айтпады.