Орталық брифинг

Қазақстанда жыл басынан бері 13 жаңа балабақша ашылды

Жыл басынан бері еліміздің аймақтарында 1500 орынға арналған 13 жаңа мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін жаңа балабақшалар ашу және оның желісін кеңейту арқылы 77 мыңға жуық орынға дейін жеткізу жоспарлануда, деп Brifing.kz хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

«Соңғы бес жылда балабақшаға жолдама алу үшін кезекте тұрғандар саны екі есеге қысқарды. Бүгінде 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту 91 пайызды құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 92,5 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз», — дейді Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Елімізде барлығы 1 миллионға жуық баланы қамтитын 11 346 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Related Articles

Back to top button