Сенат депутатының жастарға үміті мол
Мәжілісте әзірленген және талқыланатын нормаларды жүзеге асыру — жұртшылықтың, мемлекеттік органдар және депутаттардың ортақ міндеті. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына тоқталды, деп хабарлайды Brifing.kz.
Оның айтуынша, құқықты қолдану тәжірибесінің бірнеше түрі болуы мүмкін, оқиғалардың барлық нұсқасын ескеру қажет және осы талқылауға әр сарапшы, еліміздегі бей-жай қарап отырмайтын әрбір азамат қатысуы керек.
«Қазір поблема көп. Оны тек заңдар арқылы шеше алмаймыз. Біз санамызды өзгертуіміз керек, барлық институтпен жұмыс істеуіміз керек. Бала, отбасы институты және қарттарды қорғауға басымдық берген жөн. Бұл өте көп компонентті күрделі мәселелер», – деп атап өтті депутат.
Сондай-ақ ол интернет кеңістігінің пайда болуымен бірге басқа да қиындықтар туындады деп санайды. Спикер үш жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшыраған Алматы облысынан келген қыздың оқиғасын мысалға келтірді.
«Кейбір адамдар «ол нашақор болған», «өзі кінәлі» және т.б. жазады. Мұндай дүниелердің біздің қоғамның санасында болуы өте өкінішті. Менің ойымша, егер адам ес-түссіз күйде болса, ол өзінің әрекеттерін басқара алмай, (бұл есірткі пайдалануға және мас күйде болуға, психикалық денсаулық жағдайына байланысты болуы мүмкін) басқа адамды ұрып-соғуға және зорлауға болады дегенді білдірмейді. Бұл адамдардың кінәсін одан әрі ауырлатады», – деді Ж. Асанова.
Ол елдің әрбір азаматының құқықтары жынысы мен жасына қарамастан Конституциямен қорғалатынын еске салды. Бізде дұрыс салауатты қоғам құруға барлық жағдай жасалған, бірақ әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, адамдардың жеке проблемалары осындай оқиғаларға әкеп соқтырады.
«Ал, біз қолдағы барлық құрал мен өкілеттікті пайдаланып, қалыптасқан проблемаға араласып, оны түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Мен біздің өскелең ұрпақтың үлкен әлеуетін көріп отырмын, өйткені жастардың санасы сәл өзгеше. Менің ойымша, егер жастар қазір салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайтын болса, болашақта бір нәрсені түзетуге мүмкіндігіміз бар. Қазіргі жағдай – соңғы онжылдықтарда назардан тыс қалып отырған проблемалардың салдары», – деп түйіндеді спикер.
Сондай-ақ ол кейбір елде қылмыстық тұрғыда жазаланатын, ал бізде, тіпті, заңмен реттелмеген «сталкинг» үшін жауапкершілік мәселесін қозғады.