Орталық брифинг

Қазақстанда 4 мыңнан астам жерасты су орны барланды

Қазақстанда 4540 жерасты суларының орны барланды. Болжам бойынша, бүгінгі таңда еліміздегі пайдалануға болатын жерасты суының қоры 15,7 текше шақырымды құрайды, деп Brifing.kz хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл ретте, Қазақстанның жылдық су қоры 102,3 текше шақырымды құрайтынын айта кеткен жөн. Бұл көлемнің төрттен бір бөлігі экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Жалпы су көлемінің 1%-дан сәл астамы халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалады. Қазіргі уақытта ел экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі 7%-дан 10%-ға дейін.

«Елімізде жерасты суларын зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Министрлікте жеке департамент ашылды, гидрогеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жерасты су ресурстарына мемлекеттік бақылау мен мониторинг жүргізу үшін Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылады. Басқа ведомстволардың жерасты сулары бойынша функцияларының бір бөлігі бізге өтеді және осы бағыттағы жұмыс күшейтіледі», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Related Articles

Back to top button