Өңірлік брифинг

Түркістанда оқушы «Мен үлгі тұтатын адал адам» тақырыбында ой-пікірлерін көрсетіп, эссе жазды

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен Білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы 1049 білім беру ұйымдарында өткен «Мен үлгі тұтатын Адал адам» бірыңғай тәрбие сағатында балалар адалдық құндылығын өз ата-аналарының бойынан көретінін жеткізді.
Бірыңғай сағатқа қатысқан 210 мыңға жуық 7 — 11 сыныптың білім алушылар адам бойындағы адалдық қасиетінің болмысын, адалдықты айқындау бағытындағы ой-пікірлерін көрсетіп, эссе жазды, деп хабарлайды Brifing.kz.


Адалдыққа үндейтін шара барысында білім алушылар өздері үлгі тұтатын адал тұлғалардың қатарына ата-аналары мен ұстаздарын, достарын қосатынын көрсеткен.
Іс шараның нәтижесімен оқушылардың санасына адалдық, парасаттылық  құндылықтарын қалыптастыруды бағыттау үшін тәрбие сағаттарын жиілету,  ашық сабақтарды өту, шығармашылық жұмыстарға бейімдеу, Ұлы тұлғалардың өлеңдері мен нақыл cөздерін жатқа айту бойынша түрлі шаралар өткізу және «Адал ұрпақ» клубтарының жұмысын жандандыру ұсынылды.
Бірыңғай сағаттың негізгі мақсаты — өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру.

Related Articles

Back to top button