Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді
Мәслихат депутаттары бұқаралық іс-шаралар кезінде көшелердің мәжбүрліжабылуына байланысты көлік қозғалысынакедергілер келтірмеу мақсатында кезекті XXII сессияда тиісті шешім қабылдады.
Қоғамдық даму басқармасының басшысыАйдар Есенбеков бүгінгі таңда бүгінде бейбітжиналыстар өткізуге арналғанмамандандырылған орындар — М. Гандиатындағы саябақ, Ш. Уәлиханов атындағыжәне «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағыскверлер. Шерулер үшін Шевченко көшесібойымен Ш.Уәлиханов атындағы скверден М.Ганди атындағы саябаққа дейін жүруге болады.
Ш. Уәлиханов атындағы скверді жөндегеннен соң көлік құралдарыныңоқшауланған тұрақтарды жайластыруға, қауіпсіз орындарды, сигналдық бағаналар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін жасауғабайланысты Шевченко көшесінің ені азайды. Сонымен қатар, бұқаралық іс-шаралардыөткізу кезінде Шевченко көшесі бойымен Достық даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгіқозғалыс жабылады. Бұл кептелістерге, басқакөшелерге шамадан тыс жүктемелерге, маршруттардың өзгеруіне және қоғамдық көліккестесінің бұзылуына, жолаушылар мен автокөлік жүргізушілерінің қолайсыздығынаәкеледі.
Сонымен қатар, қала тұрғындарынан осыскверде митинг өткізбеуге, оның тыныштықты бұзатындығына, сондай-ақ сквердің тарихикелбетіне нұқсан келтіретініне қатыстыөтініштер келіп түсті.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мамандандырылған орынды Ш.Уәлихановатындағы скверден (толымдығы 1000 адам)Абылай хан даңғылындағы А. Имановатындағы скверге (толымдығы 500 адам)ауыстыру туралы ұсыныс түсті, мұнда көшелерді жабудың қажеті болмайды жәнежақын жерде тұрғын үйлер жоқ.
Қаланың мамандандырылған орындарынбұрын белгіленген қамтуды сақтау мақсатында«Сары-Арқа» кинотеатрының артындағысквердің толымдылығы 500-ден 1000 адамғадейін өзгертілді.
Сонымен қатар, санкцияланған шерулернемесе демонстрациялар өткізу бағытыөзгертілді. Жаңа бағыт Жамбыл көшесіменГагарин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейінөтеді. Шевченко көшесіндегі бұрынғы бағыткөлік ағындарына кедергі келтірді, өйткені олСейфуллин, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары, Желтоқсан, Наурызбай батыр көшелері сияқты қаланың магистральдықартерияларын кесіп өтті.
Өз кезегінде, Жамбыл көшесіндегі жүктеме азаяды, Гагарин даңғылынан Мұқановкөшесіне дейінгі аралықта 2 жолаққарастырылған, сонымен қатар магистральдықкөшелермен қиылыстар жоқ.
Депутаттар бұл өзгерістерді көпшілікдауыспен қолдады. Атап айтқанда, Қазақстанхалықтық партиясы Алматы қалалықфлиалының төрағасы Нұрсұлтан Шоқановмитингілер үшін жаңа орын қосымшақолайсыздықтар туғызбайтынын, саясипартиялар мен қоғамдық бірлестіктердіңқызметіне белгілі бір жаңалық енгізетінін атапөтті.
«Шерулерді өткізу бағыттарын өзгертуді қолдаймын, өйткені бұрын белгіленген бағытқаланың магистральды көшелеріменқиылысып, қала тұрғындары үшінқолайсыздықтар мен көптеген проблемалартуғызды. «Сары-Арқа» кинотеатрыныңартындағы сквердегі орынның толымдығы 1000 адамға дейін ұлғайтылғаны қуантады. Біз 500 адамға арналған митинг өткіздік, онда 1000 адам жайлы орналасады деп ойлаймын», — деді Нұрсұлтан Шоқанов.