АЛМАТЫНЫҢ АҒАШТАРЫ-АЙ…
Егер Нью-Йорктің әйгілі Орталық саябағында 18-ден 25 мыңға дейін ағаш болса, еліміздің оңтүстік астанасында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында 30 мыңнан астам жапырақты ағаш пен 5 мың бұта отырғызылды. Ал, әлемде жапырақты ағаштардан тұратын үлкен саябақтар «қаланың өкпесі» саналады.
«Алматы – бақ қала» акциясы аясында қаланың барлық ауданында 8 205 жасыл желек отырғызылды, оның 4 мыңнан астамы – алма. Тұрғындарға өз ауласын көгалдандыру үшін 3 мың көшет таратылды. «Мектеп ауласының оазисі» фестивалі аясында алматылық оқушылар 20 мыңнан астам гүл, 430 жеміс ағашы және 200 туи көшетін отырғызды.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен 27 сәуірде жаппай ағаш отырғызу акциясы өтті. Оның барысында қаланың барлық ауданында барлығы 8 205 жасыл желек, оның ішінде 4 мыңнан астам алма ағашы отырғызылды. Сонымен қатар, «Жасыл аула» акциясы аясында қала тұрғындарына 3 мың көшет, «Алматы – бақ қала» жалпықалалық акциясы барысында 8 мыңнан астам көшет таратылды. Биыл 19 сәуірде барлық жалпы білім беретін мектептерде «Мектеп ауласының оазисі» ландшафты дизайн фестивалі өтті. Фестиваль аясында 5-11 сынып оқушылары 20 мыңнан астам гүл, 430 жеміс ағашы және 200 туя көшеті отырғызылды.
Апатты ағаштар алынуда
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағында апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу және алып тастау жұмыстары жүргізілуде.
Биыл 29 мамырдан 29 маусымына дейін ағаштарды санитарлық мақсатта кесу ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, 1, 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар сынды жалғыз өзі тұратын әлеуметтік осал топқа (ХӘОТ) жататын жандардың ауласында жүргізіледі.
ХӘОТ-тен ағаштарды санитарлық мақсатта кесу бойынша өтінім Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында тел.: 338-30-24 бойынша қабылданады. Ағаштарды санитарлық мақсатта кесу қажеттілігін анықтау үшін алдын ала тексеруден кейін аудан әкімдіктері тиісті іс-шаралар өткізеді.
Айта кететін нәрсе, ауа-райының қолайсыздығы кезінде құлау қаупі бар апатты жағдайдағы ағаштарды алып тастау жұмыстары Алматыда ерекше бақылауда. Ағаштардың жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Ауру, құраған, қауіпті апатты ағаштар кесіледі. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ағаш кесу туралы шешім жалпыға бірдей қорытынды шыққан соң қабылданады. Оның орнына 10 есе мөлшерде көшет отырғызылады.
«Таза Қазақстан» жалғасуда…
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы елді мекендер аумағын көркейту мен көгалдандыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыруға, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған. Акция аясында Алматыда алғашқы эко-хаб ашылды, комьюнити-орталықтарда бірқатар танымдық және оқыту іс-шаралары өтті, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына ағаштарды кесуге көмек көрсетілді. Эко-хаб Марков, 44 мекенжайы бойынша креативтік кеңістік негізінде жұмыс істеді.
Экологиялық орталықта тұрақты негізде қайта шикізаттан бұйымдар жасау бойынша оқыту дәрістері, эко-сағаттар, тимбилдингтер және шеберлік сыныптары өткізілетін болады. Эко-хабтың резиденттері тақырыпқа сәйкес өнімдер шығаратын және ірі супермаркеттерге шығу мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлер мен эко-стартаптар болады. Сонымен қатар, Алматы тұрғындары мен қонақтары пайдалы бонустарға айырбастау үшін эко-хабқа бөлек жиналған қалдықтарды тапсыра алады. Креативті эко-хабтың негізгі мақсаты экологиялық жауапкершілік мәдениетін дамыту, қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын насихаттау болып табылады.
Алматының комьюнити орталықтарында экоға қатыстышаралардың тұтас сериясы өтуде. Экоактивистер және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын қала тұрғындары экологияны сақтау тақырыбын талқылайды, қалдықтарды жинау және сұрыптау бойынша шеберлік сыныптары мен тренингтерге қатысады. Мұндай іс-шаралар білім беру бағдарламасының бір бөлігіне айналады. Алдағы уақытта комьюнити — орталық базасында шығармашыл жастарға, эко-белсенділерге және эко-стартаптарға арналған аудандық эко-хабтар ашылады. Оқу жылының аяқталуына байланысты оқушылар үшін оқылған кітаптармен, газеттермен және журналдармен алмасу бойынша кроссбукинг акциясы өткізіледі.
Бұдан басқа, Алматыда «Мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді тапсырыңыз – табиғатты сақтаңыз» экологиялық акциясы жалғасуда, оны тұрақты негізде өткізу туралы шешім қабылданды.