Жаңалықтар

БАРЛЫҚ АҚПАРАТ «2 ГИС»-ТЕ!

«Қоқысты кофеге/тағамға айырбастаңыз», «Бояуды алыпыз және қоршауыңызды бояңыз» акциялары  туралы ақпаратты «2 ГИС» электронды анықтама бойынша мекенжайлардың тізімін көруге болады.

Ол үшін «Акция бойынша бояуды беру нүктелері» және «Акция бойынша қайта шикізатты тапсыру пункттері» сұрауын жазу жеткілікті.

Бұдан бөлек, «Ағаш отырғызатын орын» сұранысы бойынша ағымдағы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00 – ден 13.00-ге дейін «Алматы – бау-бақ қаласы» акциясы аясында  жасыл желектер мен алма ағаштарын жаппай отырғызу орындарын табуға болады. Қатысушыларды белсенді конкурстар, мастер-кластар күтеді. Әркім өз үлесін қосып, сүйікті қаласы үшін ағаш отырғыза алады.

«Қоқысты кофеге/тағамға айырбаста» акциясы 8 мамырға дейін жалғасады. Қатысушылар қайталама шикізатты қайта өңдеуге тапсырады және олардың орнына азық-түлікке сыйлық купондарын алады. «Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды сырла» акциясы үй маңындағы аумақтың эстетикалық күтімін және жеке тұрғын үйлердің қоршауларын жақсартуға бағытталған.

Іс-шараға қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Ол үшін аудандық абаттандыру бөлімдеріне жауапты тұлғаларға жүгіну қажет. Лак-бояу материалын беру өтеусіз, бірақ бір қолға 2 кг-нан аспайтын көлемде  беріледі.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button