Жаңалықтар

Тоқаев Ақордада Қырғызстан президентін қабылдады

Ақорда резиденциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты қарсы алды, – деп хабарлайды brifing.kz порталы.

Қырғыз басшысы Ақордаға Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін келді. Жапаров Қазақстанда ресми сапармен жүр.

Резиденцияға екі елдің министрлер кабинетінің мүшелері жиналды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды.

Құрметті қарауыл ротасының басшысы екі ел басшыларына құттықтау рапортын беріп, Қазақстан мен Қырғызстанның әнұрандары шырқалды.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button