Алматыда «Таудағы тазалық: қоқыстарды жинап, тегін түскі ас алыңыз» атты экоакция өтті
Ағымдағы жылдың 30 сәуірі «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық акциясы аясында «Таудағы тазалық: қоқыстарды жинап, тегін түскі ас алыңыз»акциясы өтті,- деп хабарлайды brifing.kz.
Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарындағы«Горельник» және «Аюсай» туристік орталықтарының аумағын тазалауға қоғам белcенділері, қала тұрғындары, тіпті туристер де қосылды. Шара барысында қатысушыларға бір қапқоқыс жинап, оны тегін түскі асқа айырбастау ұсынылды.
Шара нәтижесінде тау шатқалдарынан 600 келіге жуық түрлі қоқыс жиналды — пластик бөтелкелер, азық-түлік пакеттері мен қаптамаларжәне демалушылардың қалдырған тұрмыстық қалдықтары.
Шараны Алматы қалалық туризм басқармасы және Almaty Tourism Bureau бірлесіп ұйымдастырды және жергілікті тұрғындар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін сүйікті демалыс орны – Іле Алатауының қайталанбас табиғатының тазалығын сақтауға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы өтуде. Қаланың көркейіп,өркендеуіне әрбір тұрғын өз үлесін қоса алады.
Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ қаланың айналасында орналасқан баннерлер, плакаттар мен плакаттардағы арнайы QR кодын пайдаланып веб-сайтқа кіруге болады.