Жаңалықтар
Талдықорғандағы қонақүйлерге бомба қойылды деген хабарлама келіп түскен
Талдықорғанда жексенбі күні кешке полицейлер дабыл бойынша шақырылды, — деп хабарлайды brifing.kz.
Белгісіз біреу қаладағы екі қонақүйге – «Колизей» мен «Парк Хаусқа» бомба қойылғанын хабарлаған. Осыдан кейін оқиға орнына патрульдік көліктер мен жедел жәрдем келді. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Кейінірек Жетісу ПД оқиғаға қатысты:
«Сағат 18:35 шамасында Талдықорған полициясының жедел басқару орталығына облыс орталығындағы екі қонақүйге жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын қоңыраулар түскенін хабарлаймыз. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ешқандай күдікті заттар табылмады. Облыстық полицейлер көрінеу жалған хабарламалар үшін заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді».