Жаңалықтар

Түркістан облысында “Қоныс аудару” жәрмеңкесі басталды

Бүгін Түркістан облысында «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағытында өтетін өңіраралық «Қоныс аудару» жәрмеңкесі басталды,- деп хабаралайды Brifing.kz Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.

Жәрмеңкені облысымыздың халқы тығыз орналасқан Сарыағаш, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласында өткізу жоспарланған.

Іс-шараға Абай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарынан жалпы 73 өкіл қатысып отыр. Аталған жәрмеңкеге 6 өңір бойынша барлығы 11 657 бос орны ұсынатын болады. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы — 1246, Абай облысы — 1279, Шығыс Қазақстан облысы — 2393, Павлодар облысы — 3464, Ұлытау облысы 523, Қарағанды облысы 2752 бос жұмыс орнын ұсынады.

Облыстық мәслихат депутаттары Жаңабай Ағабеков және Уәлихан Рахиев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Күміс Мирова, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев қатысып, сөз сөйледі.

2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде,  2015-2023 жылдар аралығында өңірден 13 758 адам қоныс аударған. 2023 жылдың қорытындысымен республика бойынша 6 727 квота белгіленсе, оның  29,3%-ы Түркістан облысынан қоныс аударғандар. Ал, 2024 жылға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Республика бойынша 7050 квота бөлген.  Айта кетсек, бағдарлама қатысушыларына және олардың отбасы мүшелеріне бір рет  70 АЕК (258 440 тг) мөлшерінде көмек беріледі.

Related Articles

Back to top button