Жаңалықтар

Отандық өнім Саудиядағы конкурста жеңімпаз атанды

Қазақстандық жоба жыл сайынғы Rocket FuelStartupPitch байқауына қатысты,- деп хабарлайды Brifing.kz.

LEAP Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтаөтетін әлемдегі ең ауқымды технологиялық іс-шара. БиылКорольдіктің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігі (MCIT) және Miskқорымен бірге Сауд Арабиясының Ұлттық технологияларды дамыту бағдарламасы (NTDP)байқауда төрт сарапшы төрешіні тағайындап, алты номинация бойынша марапаттабыс етті.

«AI Awards» санатындағы үздік жоба атағын қазақстандық CerebraAI стартапы жеңіп алды. Жоба креативтілік, инновация, ауқымдылық және өсу әлеуеті, функционалдылықжәне салаға әсер ету критерийлері бойынша бағаланды. Бағалаудың маңызды аспектісі қоғамға қосар практикалық пайдасы. Жартылай финалға қатысу үшін барлығы 100 стартапіріктелді. Гранд финалға 12 қатысушы жолдама алып, оның 6-ы ақшалай сыйлықпен марапатталды. CerebraAI жасанды интеллектті жүйелі және инновациялық жолмен пайдаланғаны үшін 150 000 доллар алды.

CerebraAI – инсультті уақтылы анықтауғаарналған Қазақстандық жасанды интеллект. Жоба күрделі мәселені көтереді — инсульт әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Команданың инновациялық шешімі дәрігерлерге заманауи технологияларды пайдалана отырып, мүмкіндігінше жылдам және дұрыс диагноз қоюға көмектесу үшін жасалған.

Related Articles

Back to top button