Жаңалықтар

Әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевтың ісін жүргізетін судья анықталды

2024 жылдың 26 ақпанынан бастап Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаев пен інісі Бақытжан Байжановтың ісі қаралады, деп хабарлайды brifing.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бишімбаевтың ісін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, судья Айжан Құлбаева жүргізеді.

Ол бұл қызметке Президенттің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалды.

Судья Айжан Құлбаева бұған дейін «Атамекен» АЭС-тің экс-басшысы Абылай Мырзахметов, Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев, блогер Махамбет Әбжан, бұрынғы білім вице-министрі Саят Шаяхметов және тағы басқалардың ісін қараған.

 

Related Articles

Back to top button