Жаңалықтар
Қарағандының бұрынғы әкімінің ұлы туған анасын ұрған
Қарағандының бұрынғы әкімі Шаймерден Оразалиновтың ұлы 78 жастағы қарт анасын ұрып-соққаны үшін екі айға қамауға алынды, деп brifing.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, отбасылық жанжалға көршілері куә болған.
Олар бірден жедел жәрдем шақырып, полицияға қоңырау шалған.
Ер адам 78 жастағы анасының мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырған.
«Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты 10 ақпанда күдіктіні екі ай қамауда ұстау санкция берді», – деп хабарлады Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі.