Жаңалықтар

Аяз қашанға дейін жалғасады?

Синоптиктер 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп Brifing.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазгидрометтің хабарлауынша, ел аймақтарында суық және қарсыз арктикалық антициклон болады. Аязды ауа райы сақталады. Тек 17 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауады.

Таулы аймақтарда-қатты қар, тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанды.

Республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде температура түнде -30 -38 градус, күндіз -20 -28 градус аяз болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде -15 -25 градусқа дейін, таулы аймақта -30 -35 градус аяз болады. Ал күндіз -10 -25 градус болады.

Related Articles

Back to top button