Жаңалықтар

Қызылордада оқушының мәйіті табылды

Орны толмас оқиға мектеп қабырғасында болған деген ақпарат бар.

Оқушының ажал құшуына – жасөспірімдер арасындағы төбелес себеп болған, деп Brifing.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

12 ақпан күнгі сағат 15:00 шамасында Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.

Әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаға Қызылорда қалалық Полиция басқармасы пікір білдірді.

«Аталған жарияланым бойынша Қызылорда қаласы Полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», — делінген хабарламада.

Қызылорда облысындағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстар саны азаймай тұрғаны туралы көп айтылып, жазылып жүр. Былтыр аймақта 70-ке жуық қылмыс жасөспірімдермен жасалса, 84 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Ең өкініштісі, оның 24-і – орта мектеп оқушысы.

Бұған дейін де облыста мектеп оқушысының төбелестен қайтыс болғанын хабарлаған едік. 

Related Articles

Back to top button