Жаңалықтар
Павлодарда мүгедек баланы ұрған мұғалім анықталды
Павлодардағы оңалту орталығында мұғалім мүгедек баланы ұрып-соққан видеосы тарады, деп Brifing.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Орталықтағы мұғалім сабақ беру үстінде мүмкіндігі шектеулі балаға күш көрсеткен. Оның ерсі әрекеті ғимараттағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбір көрген баланың ата-анасы бұл істі жәй қалдырмайтынын айтады.
Бұл мұғалім жұмыстан шығарылды, біз оның осы ісі үшін қызметтен қуылып қана қоймай, жаза арқалағанын қалаймыз, — дейді отбасы.
Туыстары бұл орталықтың ақылы екенін айтады.