Астанада осы аптада 36 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер осы аптада елордада ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп Brifing.kz хабарлады Elorda.info. сайтына сілтеме жасап.
12 ақпанда Астанада күн бұлтты болады. Орташа ауа температурасы 19 градус шамасында, күндіз -14, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,9 м/с.
13 ақпанда күн ашық болады, сынап бағанасы орташа 12 градус суықтықты көрсетеді. Ауа температурасы 8-22 градусқа дейін төмендейді.
14 ақпан қар жауады, орташа температура 2 градус. Күндіз ауа температурасы 0-ге дейін көтеріледі, түнде -7 градус аяз болады деп болжанған. Желдің жылдамдығы 10,3 м/с. жетеді.
15 ақпанда елордада қар жауады. Орташа ауа температурасы -15 градус, түнде -20 градусқа дейін сынап бағанасы төмендейді. Желдің жылдамдығы 10,2 м/с.
16 ақпанда да қар жауады, орташа температура -28 градус. Күндіз -22, түнде -31 градусқа дейін аяз болады. Желдің екпіні 7,1 м/с. құрайды.
17 ақпанда күн бұлтты болады, орташа ауа температурасы -29 градус, күндіз -23, түнде -36 градус аяз болады. Желдің жылдамдығы – 5,2 м/с.
18 ақпанда да күн алабұлтты болады, орташа ауа температурасы -25 градус, түнде – 32 градусқа дейін сынап бағанасы төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,0 м/с. құрайды.