Жаңалықтар

Шымкентте 12,5 млн қарызы бар жүргізуші әйел анықталды

Шымкентте 12,5 млн қарызы бар жүргізуші әйел анықталды, деп Brifing.kz хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары «Қорғау» қосымшасы арқылы қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы белгі алған.

Полиция хабарлауынша, Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталған.

Тәртіп сақшылары көлікті Темірлан тас жолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында тоқтатқан.

Қарызынан жалтарған жүргізушіге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертіліп, ал көлік айыптұраққа қойылды.

Related Articles

Back to top button