Түркістан: қалалық емхана фронт-офис қызметіне 3 мыңнан астам тұрғын жүгінген
Түркістан қалалық емханасындағы фронт-офис қызметіне былтыр 3 000-нан астам тұрғын жүгінген. Бүгінде қалалық емханада тіркелушілердің 83,2 пайызы сақтандырылған. 2023 жылы емханаға 863 421 азамат келіп, ем-дом алған. Статистикаға сәйкес, емханада бір тұрғын жылына 7 не 9 рет дәрігерге қаралады, деп хабарлайды Brifing.kz.
Сонымен қатар, емханада барлық науқастарға қолайлы жағдай қарастырылған. Сондай-ақ, күнделікті мониторинг жүргізу және науқастың профилактикалық шараларға толықтай үйренуі үшін «смарт сағаттар» енгізілген.
Айта кетсек, бүгінде бала өлімі бойынша шаһар жасыл аймақта. Дәрігерлердің бақылауына алынған 2 248 жүкті ана кері әсерсіз босанған.
Сондай-ақ, скринингтік тексеруден – 35 038 адам өткен.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі