Өңірлік брифинг

Алматыда өткен Ашық есік күні аясында 500 алматылық онколог маманнан кеңес алды

Ақпанның 3-інде Қатерлі ісікке қарсы күн аясында Алматы онкологиялық орталығы мен қаланың 9 емханасының онкологтары Ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды Brifing.kz.

500-ге жуық қала тұрғыны онколог кеңесін алды.   Науқан аясында қатерлі ісікке күдікті 52 жағдай анықталды.   «Науқастар қосымша тексеруге жіберілді. Сондай-ақ, 400-ден астам ауру қабынуы анықталып, емдеу бойынша ұсыныс берілді», — деді бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы онкологиялық орталығы директорының орынбасары Жанна Кужаева.

Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында 31 866 онкологиялық науқас тіркелген.   Қатерлі ісіктің сырқаттанушылық құрылымы өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды:

— бірінші орында – сүт безі обыры 14,5% (794 жағдай);

— екінші орында – тоқ ішек обыры 8,9% (489 жағдай),

— үшінші орында – өкпе обыры 6,0% (332 жағдай),

— төртінші орында — қуық асты безінің қатерлі ісігі 5,2% (288 жағдай).

Related Articles

Back to top button