«Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған»: Әнші ДНҚ тапсыруға бетін бүркеп, түрін тұмшалап келді
Атыраулық Нұргүл Зиханова қазақ эстрадасының белгілі әншісі Бейбіт Қорғанмен өте жақын қарым-қатынаста болып, одан ұл туғанын айтып еді. Араға үш ай салып, әнші ДНҚ тапсыруға келді. Бұл туралы Brifing.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңалықты “Астарлы ақиқат” бағдарламасының экс-жүргізушісі Дина Төлепберген жеткізді.
“Бейбіт Қорған ДНҚ тапсырды. Бірақ бір ғана күдік бар! Бетін бүркеп, түрін тұмшалаған Бейбіттің өзі ме? Сот қабылдаған сынамаға қаншалықты сенуге болады? Өйткені дауысын естімедік, түрін көрмедік, камераға түсірмедік. Мен және менің командам мұндайды алғаш көруіміз”, – деп жазды тележурналист.
Сонымен қатар тележүргізуші әншінің ДНҚ сараптамасын Атырау қаласында тапсырғанын айтты.
“Бейбіттің болжамды баласы не болды?! “Астарлы ақиқат” бағдарламасын жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ тапсыру үшін оны ақыры сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құтты бір отадан шыққан Майкл Джексон секілді. “Маска шоу” маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірнәрсе айта ма деп едік, ләм-лим демеді. Бізден қашса да, ақыры Атырауда, заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды. Нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуге тиіс», – дейді экс-жүргізуші.
Еске салайық, Атыраулық тұрғын әншімен көңіл жарастырғанын жазған едік.