Жаңалықтар

«Аударылып қал!»: Алматы облысындағы такси жүргізушісі мен «имам» арасындағы жанжал желіде тарады (видео)

Желіде Алматы облысындағы такси жүргізушісі мен қоғамдық кеңес мүшесінің арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Бұл туралы Brifing.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Талғарда такси жүргізушісі мен ер адам жанжалдасып, ер адам “Аллаһу акбар, аударылып қал!” деп, есікті тарс жауып, тепкен. Желі қолданушылары осындай ауыр сөзді айтқан адам Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін айтып, танып жатты.

Алматы облысының дін істері басқармасы оның имам емес екенін мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде Талғар қаласында такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал түсірілген видео таралуда. Кейбір ақпарат көздері жолаушы Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін айтады. Алайда Бақтияр Жақсылықов Талғар аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі екенін хабарлаймыз. Жалған ақпарат таратпауыңызды сұраймыз», – делінген ведомоствосында.

Бақтияр Жақсылықов – Талғар аудандық «Алатау» бастауыш партия ұйымының төрағасы, қоғамдық кеңестің мүшесі.

Алайда әлеуметтік желідегі жеке парақшасының 2022 жылғы посттарында Бақтияр Жақсылықов өзін ұстаз, исламтанушы, имам деп жазған және бірнеше рет имам ретінде телебағдарламаларда қонақ болған.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанайда такси жүргізушісін «өзіне қол жүгіртті» деп айыптаған әйелдің ерсі әрекеті түсірілген видео пайда болғаны туралы жазған едік. Кейін әйел жала жапқаны үшін жазаланды.

Related Articles

Back to top button