Жаңалықтар
«Жас баланы айналдырып алдым». Мадина Сәдуақасова ел күтпеген жаңалығын бөлісті
Мадина Сәдуақасова тұрмысқа шыққанына 10 жыл толғанын атап өтті, деп Brifing.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 ақпан 2014 жылы мен бірден «қартайдым», «жас баланың басын айналдырғыш»-қа айналдым. Өйткені, «өзімнің теңіме шықпадым». Сол кезде өзім жайлы өмірімде бірінші рет ең көп жаман сөздер естідім. 10 жыл өтті. «Қандай жарасымды жұп», «Енді тойға неге Олжаспен бармайды», «Неге күйеуін инстаға салмайды»…Уақыт-ай! Тез ақ өтіп кетеді екен ғой. Құтты болсын 10 жылдық, — деп жазды өнер иесі.
Әнші осыдан 10 жыл бұрын 34 жасында тұрмысқа шыққан.