Жаңалықтар
Алматыда жер тағы екі мәрте қозғалды
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген, деп Brifing.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші дүмпу сағат 03:03 кезінде болды.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок.
Зілзаланың энергетикалық санаты –10.5. MPV магнитудасы – 4.5.
Тереңдігі – 10 шақырым.
Алматыда сезілген жоқ.
Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.
Энергетикалық санаты – 13.3. MPV магнитудасы – 5.8.
Тереңдігі – 10 шақырым.
Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілді.